TGViewer
Almaty_Joly Almaty_Joly @almatyjoly · 3.62K subscribers
Post #2386 670
Алматының коммуналдық қызметі жаңбырға дайындық режиміне көшірілді

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметі қосымша күш пен техниканы әзірледі.

Жергілікті жерлерде су жиналып, су басу қаупінің алдын алу және қажет болған жағдайда оның салдарын жедел жою үшін құрамында 416 жол жұмысшысы бар 70 жедел бригада кезекшілікке шықты. 252 арнайы техника, 48 мотопомпа және 18 ассенизаторлық машина дайын тұр. Ассенизаторлық машиналар су басуы мүмкін учаскелерге алдын ала орналастырылды. Сонымен қатар 2,4 мың құм салынған қап дайындалды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 1 қазанда сағат 18:00-ден кейін Алматыда қарқыны 1-2 мм болатын аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. 2 қазанға қараған түні және сағат 09:00-ге дейін кей уақытта қарқыны 2-4 мм жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жауын-шашын кезеңінде қала қызметтерінің кезекшілігі күшейтілді. Алматы қаласының Құтқару қызметі бір ассенизаторлық машина мен 15 мотопомпа дайындады. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 240 адам, 53 арнайы техника және 54 мотопомпа жұмылдырылады.

Жаңбыр жауатын кезеңге арнайы жасақталған күштерден бөлек, коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Күн сайын 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмысқа шығады. Оның ішінде «Алматы Тазалық» МКК 2 015 жұмысшы мен 767 техниканың, ал жеке мердігер ұйымдар 1 065 жұмысшы мен 458 техниканың жұмысқа шығуын қамтамасыз етеді.

Кезекші бригадалар су жиналуы мүмкін учаскелерді бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда суды сорып шығару және жергілікті жерлерді су басудың алдын алуға бағытталған басқа да жұмыстар жедел жүргізіледі.
More from @almatyjoly
  1. Oct 2, 2026В Алматы временно ограничат движение В связи с проведением дорожных работ на нескольких уч…
  2. Oct 2, 2026Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматының бірнеше жол аумағында жол жөндеу жұмы…
  3. Oct 2, 2026В Бостандыкском районе Алматы временно ограничат движение на одном из участков ул. Байсеит…
  4. Oct 2, 2026Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша…
  5. Oct 1, 2026Коммунальные службы Алматы переведены в режим готовности перед дождями В Алматы коммунальн…
  6. Sep 30, 2026В Алматы временно ограничат движение на участке улицы Толе би В Алматы в рамках реализации…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →