Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматының бірнеше жол аумағында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
📍 Қай жерде және қашан:
🔹 Момышұлы көшесі — Рысқұлов даңғылының оңтүстігі
2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 09:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
🔹 Алатау даңғылы — Төле би көшесімен қиылыс
3 және 4 қазан күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жұмыс жүргізілетін аумақта көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады.
🔹 Төле би көшесі — Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін
3 қазан сағат 09:00-ден 4 қазан сағат 09:00-ге дейін көлік қозғалысы толық жабылады.
🔹 Абылай хан даңғылы — Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейін
3 қазан сағат 08:00-ден 4 қазан сағат 20:00-ге дейін көлік қозғалысы толық жабылады.
Аумақтарда ескерту жол белгісі орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
📲 Көлік қозғалысын шектеуге қатысты соңғы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Post #2390
564



