Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
29 қыркүйек сағат 23:00-ден 30 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен «Arena City» тұрғын үй кешеніне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Post #2382
800

- 🤝 1