Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бір түнге шектеледі
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Атап айтқанда, 26 қыркүйек сағат 23:00-ден 27 қыркүйек сағат 09:00-ге дейін Мөңке би көшесінің оңтүстігіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Post #2379
979

- 🤝 1