TGViewer
Almaty_Joly Almaty_Joly @almatyjoly · 3.62K subscribers
Post #2377 932
Almaty_akimdigi Almaty Marathon 2026: қозғалыс шектелетін учаскелер Алматыда 27 қыркүйекте 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Оған 16 мың спортшы қатысады. Марафонға байланысты 26-28 қыркүйек аралығында қаланың бірқатар орталық көшелерінде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен…
Алматыда 27 қыркүйекте марафонға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

27 қыркүйекте Алматыда Almaty Marathon 2026 өтуіне байланысты қоғамдық көліктің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерістер сағат 04:30-дан бастап күшіне еніп, спорттық іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Өзгерістер марафон бағытына кіретін жол учаскелерінде автокөлік қозғалысының толық жабылуына байланысты енгізіледі. Шектеулер кезінде №2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 19, 21, 22, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 44, 45, 48, 55, 56, 57, 59, 62, 63, 63А, 65, 66, 70, 72, 77, 79, 80, 81, 85, 86, 87, 90, 92, 95, 98, 99, 101, 103, 104, 106, 107, 109, 112, 113, 116, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 124, 127, 128, 130, 132, 135, 137, 140, 141, 145, 205, 209, 210, 211, 218 және 224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Олар үшін уақытша айналып өту сызбалары қарастырылған.

Сонымен қатар, марафон аяқталғанға дейін №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 троллейбус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Іс-шара аяқталып, шектеу алынып тасталғаннан кейін қоғамдық көлік қалыпты қозғалыс сызбасына қайта оралады.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан уақытша өзгерістерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
More from @almatyjoly
  1. Oct 2, 2026В Алматы временно ограничат движение В связи с проведением дорожных работ на нескольких уч…
  2. Oct 2, 2026Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматының бірнеше жол аумағында жол жөндеу жұмы…
  3. Oct 2, 2026В Бостандыкском районе Алматы временно ограничат движение на одном из участков ул. Байсеит…
  4. Oct 2, 2026Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша…
  5. Oct 1, 2026Коммунальные службы Алматы переведены в режим готовности перед дождями В Алматы коммунальн…
  6. Oct 1, 2026Алматының коммуналдық қызметі жаңбырға дайындық режиміне көшірілді Алматыда жауын-шашынға…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →