TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.8K subscribers
Post #3795 1.29K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға қызмет көрсету үшін бірнеше елдің аумағын қамтитын дропперлер желісін құрған қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қойды

Тергеу барысында төлемдерді өңдеумен айналысқан делдалдардың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, «дроп-фермалар» ұйымдастырғаны анықталды.
Қазақстанға келген шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) беріліп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттары ашылған. Кейін банк қосымшаларына кіруге рұқсаты бар ұялы телефондар осы шоттар арқылы ақша айналымын басқаратын адамдарға берілген.

Ақша айналымын басқару үшін ойыншылардан төлем қабылдауға, оларды автоматты түрде анықтауға және ұтыстарды төлеуге мүмкіндік беретін P2P платформасы пайдаланылған. Қылмыстық топ мүшелері өзара есеп айырысу үшін криптовалютаны да қолданған.


Түркістан облысы мен Алматы қаласында Қазақстан банктерінің 89 картасын пайдаланған. Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардан банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Аталған карталар арқылы жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 500 млн теңгеге жеткен.

Жамбыл облысында да бірнеше елдің аумағында әрекет еткен тағы бір қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның мүшелері Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды тартып, Тараз бен Алматы қалаларында өзге адамдардың банк шоттары арқылы ақша айналымын жүргізетін желі құрған.

🔨 Тінту барысында 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Банк карталарына түскен ақшаның жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан.

👨‍⚖️ Сот бес күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1OHzcHAlHIAlEvLgTv1LpAVqKe3Z_dm_T?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 14, 2026🏦 Агентством по финансовому мониторингу пресечена деятельность преступных групп, организо…
  2. Oct 12, 2026На поступающие запросы СМИ сообщаем следующее. 🏦 На одном из анонимных телеграм-каналов о…
  3. Oct 12, 2026Бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сауалдарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.…
  4. Oct 9, 2026🏦 Департаментом АФМ по г.Шымкент окончено расследование по факту организации незаконного…
  5. Oct 9, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Bingo-37» және «L…
  6. Oct 7, 2026🏦 В г.Алматы вынесен приговор организатором финансовой пирамиды «Asar Baspana» Следствием…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →