TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.8K subscribers
Post #3793 2.07K
Бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сауалдарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

🏦 Анонимді Telegram арналарының бірінде сотталған Перизат Қайраттың туыстарына Дубайда бірнеше пәтер тиесілі екені туралы ақпарат жарияланды.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі аталған адамдардың жылжымайтын мүлікті П. Қайраттың қылмыстық жолмен тапқан ақшасына сатып алуы мүмкін деген болжамды тексерген.

Алайда бұл болжам расталмады.

Тергеу барысында барлық қаржылық операциялар жан-жақты талданып, жымқырылған ақшаны заңдастырудың бүкіл тізбегі анықталды.

П. Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаны иемденіп, оны автокөліктер мен пәтерлер сатып алуға, пәтерлерді жөндеуге және жиһазбен жабдықтауға, қымбат брендтердің киім-кешегі мен әшекей бұйымдарына, бизнес-класпен ұшуға, сәнді қонақүйлерде тұруға, мейрамханалар мен ойын-сауық орындарына жұмсаған.


➡️Ал А. отбасы мүшелерімен қандай да бір қаржылық есеп айырысу жүргізгені анықталған жоқ. Оның үстіне, жарияланымдарда аталған жылжымайтын мүлік 2011–2019 жылдары, яғни «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры құрылғанға және П. Қайрат қылмыстық әрекетке кіріскенге дейін сатып алынған. Жалпы, А. ерлі-зайыптылары 20 жылдан астам уақыт бойы жылжымайтын мүлік сатып алып, қайта сатумен айналысып келеді.

Олар П. Қайрат пен оның анасынан бөлек тұрып, кәсіпкерлік қызметін де дербес жүргізген.

Түсіндіре кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 161-бабына сәйкес, мүліктің қылмыстық жолмен алынғанын растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана оны бұғаттауға және тәркілеуге жол беріледі.


Күдіктілермен туыстық байланысы бар деген себептің өзі адамды қылмыстық жауапқа тартуға және мүлкін тәркілеуге заңды негіз бола алмайды.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 15, 2026🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области выявлено хищение бюджетных средств,…
  2. Oct 15, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркә…
  3. Oct 14, 2026🏦 Агентством по финансовому мониторингу пресечена деятельность преступных групп, организо…
  4. Oct 14, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға қызмет көрсету үшін бірнеше елдің аума…
  5. Oct 12, 2026На поступающие запросы СМИ сообщаем следующее. 🏦 На одном из анонимных телеграм-каналов о…
  6. Oct 9, 2026🏦 Департаментом АФМ по г.Шымкент окончено расследование по факту организации незаконного…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →