TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.8K subscribers
Post #3797 1.5K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады

Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.


➡️ Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.

Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

🧑‍⚖️ Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1NC4Tkxjo8BkBp7R36Hoj2Pzv8RIfa7Xp?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 16, 2026🏦 Агентством по финансовому мониторингу при координации Генеральной прокуратуры окончено…
  2. Oct 16, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен үлестік құрылысқа қатысу…
  3. Oct 15, 2026Astana Media Week 2026 аясында марапаттау рәсімі өтті Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақста…
  4. Oct 15, 2026🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области выявлено хищение бюджетных средств,…
  5. Oct 14, 2026🏦 Агентством по финансовому мониторингу пресечена деятельность преступных групп, организо…
  6. Oct 14, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға қызмет көрсету үшін бірнеше елдің аума…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →