TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3754 1.92K
🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың Агенттік атынан жалған ресми хаттар таратуы әлі де жалғасып жатқанын хабарлайды

Агенттікке осындай жалған хат таратудың тағы бір дерегі туралы ақпарат келіп түсті.

Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан.

Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған.


🔴 ҚМА ескертеді:
🔴 Агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жолданады;
🔴 ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;
🔴 құжатта логотип, мөр немесе қолтаңба бар екеніне ғана сүйеніп, оған сенуге болмайды;
🔴 күмәнді хат алсаңыз, оның шынайылығын Агенттіктің ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз.

Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, олардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.

⚠️ Күмән туындаған жағдайда ҚМА-нің 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы Кезекші бөлімге хабарласыңыз.

ҚМА азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырады.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1en-6lhAsp981HvYpu8u151aF8MN5cehg?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →