🏦 ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары басшылары комитетінің отырысы аясында Достастық елдерінің кинологиялық бөлімшелері арасында қызметтік көпсайыстан XIV жарыс өтті
Жарыс Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығында ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп, Орталықтың 25 жылдығына арналды.
Сайысқа Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының төрт командасы қатысты.
Жарыс бағдарламасы кинологтардың кәсіби даярлық деңгейін және қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс қабілетін бағалауға бағытталған бірқатар практикалық сынақтарды қамтыды. Қатысушылар әртүрлі жағдайларда кинологиялық есептоптардың өзара үйлесімді әрі кәсіби жұмысын көрсетті.
Командалық есеп қорытындысы бойынша:
🥇 I орын — Қазақстан Республикасының командасы (632 ұпай);
🥈 II орын — Беларусь Республикасының командасы (599 ұпай);
🥉 III орын — Ресей Федерациясының командасы (543 ұпай).
Агенттік құрама командасы бұл жарыста қатарынан екінші рет жеңіске жетіп отыр. Өткен жылы жарыс Қырғыз Республикасында өтіп, онда да қазақстандық кинологтар жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын.
Жарыс Достастық елдерінің құқық қорғау органдары арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және кинологиялық қызмет саласындағы халықаралық байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1tYFqvhUkUrKwYRghKWTkDpb7J7T1ewxy?usp=drive_link
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Post #3735
2.35K