TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3733 2.27K
🏦 Солтүстік Қазақстан облысында лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік және микроқаржылық қызметпен айналысқан Ростовщиков Е.В. 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

Тергеу барысында ҚМА-ның СҚО бойынша департаменті заңсыз қарыз берудің 78 эпизодын анықтады. Әдетте қарыз алушылар ақшаға аса мұқтаж, банктен несие ала алмаған азаматтар болған.

⚡️ Қарыз беру үшін екі түрлі схема қолданылған.

Бірінші жағдайда нотариус арқылы қарыз шарты рәсімделген, алайда мәміленің нақты талаптары онда көрсетілмеген. Құжаттағы сомаға қарыз алушыға берілген қаражат та, қарызды пайдаланған бүкіл кезең үшін есептелген пайыз да енгізілген. Ақшаның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін мүлік кепілге қойылған.

Екінші жағдайда қарыз беру дерегі сатып алу-сату шарты ретінде бүркемеленген. Мүлік үшін ақша іс жүзінде берілмеген, ал мүліктің өзі қарыздың кепілі ретінде пайдаланылған. Қаражат қайтарылғаннан кейін шарт бұзылып, мүлік иесіне қайтарылған.


Осылайша, азаматтық-құқықтық мәмілелер түрінде шын мәнінде пайызбен және мүлікті кепілге алып жүйелі түрде қарыз беру жүзеге асырылған.

🔥Заңсыз қызметтің нәтижесінде 774 млн теңге қылмыстық табыс алынған. Бұл қаражатқа қымбат активтер сатып алынған.

🧑‍⚖️ Сот үкімімен мемлекет кірісіне 6 пәтер, Toyota RAV4 автокөлігі, Kawasaki KLX250 мотоциклі, сондай-ақ құны 280 млн теңге болатын бағалы қағаздар тәркіленді.

⚠️ Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/19EUHLcgH38SXzqph1_INXF0jskQL7g9h?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →