TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3729 2.34K
🏦 Шығыс Қазақстан облысында «AK Metal» ЖШС басшысы Д.К. Бектемиров бір жылға бас бостандығынан айырылды

Тергеу мәліметінше, серіктестікке берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана рұқсат еткен. Алайда зертханалық және технологиялық зерттеу деген желеумен темір кені мен темір кені концентраты өнеркәсіптік көлемде өндіріліп, кейін Қазақстанда және шетелде сатылған.

🍵 Кен өндіру жұмыстарының салдарынан топырақ жамылғысы бүлініп, жердің табиғи бедері мен ландшафты өзгерген, тау-кен қазбалары мен үйінділер пайда болған. Бұл аумаққа елеулі техногендік әсер тигізген.

Жалпы 70 мың тоннадан астам өнім заңсыз өндіріліп, сатылған.

🔥 Қылмыстық жолмен алынған табыс 1 млрд теңгеден асқан.

Сотталған адам осы қаражатқа қымбат активтер сатып алған: Land Rover автокөлігі, бес бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай, екі тұрақ орны және Алматы мен Алматы облысындағы екі жер учаскесі.

🧑‍⚖️ Сот құны 1 млрд теңгеден асатын бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.

⚠️ Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/14g0Jrn4Vm22cLCoISvrek5WRtRfW0UCi?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →