TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3727 2.42K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемдену мақсатында фишинг хабарламаларын жаппай таратқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі

Тергеу деректеріне сәйкес, биыл қаңтар айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әрекет ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға тартқан.

Кейін қылмыстық схемаға Астана қаласында жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа да адамдар қосылған.


Күдіктілер SMS-бластер қолданған. Бұл — ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өту арқылы хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Нәтижесінде төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныстар жазылған шамамен 150 мың фишинг SMS-хабарлама жіберілген.  Сілтемеге өткен қолданушылар жалған сайтқа бағытталып, онда олардан жеке және банк деректерін, оның ішінде төлем картасының деректемелерін, CVV-кодты және SMS арқылы келетін растау кодын енгізу сұралған.

Осылайша күдіктілер азаматтардың құпия ақпараты мен банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген.



⚠️ Тергеу барысында тәркіленген SMS-бластер жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

👨‍⚖️ Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1BF4HTRzwOKaiW8l1H1XiqtvDh3gvd-KV?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →