TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3725 2.79K
🏦 Алматы қаласында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтың тәуекелдері мен қатерлері» тақырыбындағы форумы өтті

Форумға 10 елдің қаржылық барлау қызметтерінің, құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ 7 халықаралық ұйым қатысты.

➡️ Форумның негізгі тақырыптарының бірі – күдікті транзакцияларды анықтау, үлкен көлемдегі деректерді талдау және қаржылық мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық барлау қызметтерінің жұмысында жасанды интеллект пен басқа да заманауи технологияларды қолдану болды.

Сондай-ақ қылмыстық кірістерді трансшекаралық заңдастыру тәсілдері, дропперлік схемалардың типологиясы мен осал тұстары, сондай-ақ олардың ұйымдастырушыларын анықтау тәжірибесі қаралды.

➡️ Форумның жеке бір бөлігі заманауи қаржылық тергеп-тексеру тетіктеріне, қылмыстық активтерді тәркілеуге және халықаралық ынтымақтастыққа арналды.

Форум аясында елдер арасында тәжірибе алмасуға ерекше мән берілді. Қатысушылар ұлттық тәжірибелері мен жаңа қатерлерге қарсы тиімді шешімдер әзірлеу тәсілдерін ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1B18i-hoUWpAqF5MxRr-kBHfepsEVb_5M?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →