TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3719 2.41K
🏦 Қазақстанда электронды тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, кейбір адамдар оларды елге заңсыз әкеліп, сатып, миллиондаған заңсыз табыс табуын жалғастырып келеді

Ең алаңдатарлығы — тыйым салынған өнімнің негізгі тұтынушылары жастар мен кәмелетке толмағандар. Бұл никотинге тәуелділіктің таралуына ықпал етіп, өскелең ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіреді.

🔵 Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз сауданың 25 дерегін тоқтатты.
🔵 Қазір 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
🔵 Заңсыз айналымнан 276 мыңнан астам электронды тұтыну жүйесі тәркіленді.
🔵 18 адамға қатысты 14 қылмыстық іс сотқа жолданды.

➡️ Астанадағы департамент вейптердің заңсыз айналымын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тергеп жатыр. Өнімдерді сақтау үшін жалға алынған қоймалар мен кеңселер пайдаланылған. Сауда интернет-дүкендер, сондай-ақ Telegram, WhatsApp және Zangi мессенджерлері арқылы жүргізілген.

Із жасыру үшін жеке кәсіпкердің банк шоттары қолданылған. Ал сатып алушыларға «тұрмыстық техника сатып алдық» деп айту ұсынылған. Бұл шоттар арқылы өткен ақша көлемі 3,2 млрд теңгеден асқан.

➡️ Қарағанды облысында Telegram-да вейп сататын интернет-дүкен ұйымдастырған адамдар 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Олар төрт қойманы, интернет-дүкен операторларын және курьерлерді пайдаланып, заңсыз схема құрған. Тінту кезінде құны 340 млн теңге болатын шамамен 30 мың электронды тұтыну жүйесі тәркіленді.

➡️ Ұлытау облысында вейптерді «дропперлер» арқылы заңсыз сатуды ұйымдастырған екі жергілікті тұрғынға айыптау үкімі шықты. Ақшаны алу және аудару үшін олар курьердің атына рәсімделген банк шотын пайдаланған. Сот әрқайсысына төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, қылмыстық жолмен түскен табысты тәркілеуге шешім шығарды.

❗️ Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: электронды тұтыну жүйелерін заңсыз әкелу, сақтау, тасымалдау және сату, сондай-ақ мұндай әрекеттен түскен табысты заңдастыру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/16EQYpQB-GKrDXaql9xawompBDaQqb30w?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →