TGViewer
Channel Public Channel
Zakon.qaz

Zakon.qaz

@zakonkz_kaz

Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Subscribers
4.67K
Photos
15.8K
Videos
7.7K
Links
21.7K
Recent Posts 16 shown
Post #28665 26
3,1 млрд теңге айналым: Шымкентте WhatsApp арқылы онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды
 
Шымкентте «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, ойыншыларға WhatsApp арқылы ұсыныс жіберіліп, ақша қабылдау мен ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен.
 
Ұйымдастырушылар қылмыстық кіріске 200 млн теңгеден астам сомаға төрт автокөлік пен екі жер учаскесін сатып алған. Сот шешімімен мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

📹 ҚМА

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
  • 😱 1
Post #28664 40
Хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына үшінші күн қатарынан шабуыл жасап жатыр

Йемендегі хуситтер қозғалысының жетекшісі Абдель Малик әл-Хуси Сауд Арабиясын ұзаққа созылатын қақтығысқа дайын болуға шақырды. Бұл туралы CNN  хабарлайды.
 
Бейсенбіде хуситтер Эр-Рияд пен Наджран әуежайларына, сондай-ақ Король Халид атындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді. АҚШ елшілігі Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдардан хабардар екенін айтып, азаматтарын сақ болуға шақырды.
 
Соңғы екі тәулікте Эр-Рияд пен Абха әуежайларына жасалған шабуылдардан үш адам қаза тауып, 36 адам жараланған. Әл-Хуси Сауд Арабиясының нысандарына соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеді.

📹 NewsPulse

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
  • 😱 1
Post #28663 74
📌Күннің басты жаңалықтары:

🔹 Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты

🔹 Астанада оқушылар арасында кептеліс болып, мектеп директоры қызметінен босатылды

🔹 Қазақстандағы соңғы Ан-26 ұшағы “зейнетке” шығарылды

🔹 «Стоп-кредит» қосулы болса да, несие берілетін жағдайлар бар

🔹 Баянауылда алғаш рет құну (росомаха) тіркелді

🔹 Непал мен Тибеттегі апаттан кейін екі қазақстандық әлі табылмады

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
Post #28662 79
😨Ақтөбе облысының тұрғыны изолятордан қашқаны үшін 1,5 жылға сотталды

Ақтөбе облысының Бадамша ауылында 33 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып шыққан. Алайда полиция оны көп ұзамай ұстады.

Ер адам бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жазасын өтеп жатқан.

Кешкі серуен кезінде ол құлыпты ашып, көрші аулаға кірген. Кейін қабырғаның бір бөлігін бұзып, арматураны сындырған. Осы арқылы шатырға көтеріліп, тікенек сымнан асып, изолятор аумағынан қашып кеткен.

Жаяу Кемпірсайға жетіп, сол жерден көлік тоқтатып, Ақтөбеге қарай бет алған. Алайда қалаға жете алмай, сол күні полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындады. Қашқаны үшін оған 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған дейінгі жазасы ескеріліп, жалпы 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда емес, қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 🥴 2
  • 🤨 1
  • 😨 1
Post #28661 69
Риддерде аюлар аулаға кіріп, қонжықтарымен көшені кезіп жүр

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында аюлар тұрғындардың ауласына кіріп, қала көшелерін кезіп жүр. Жыртқыштар қонжықтарымен бірге жүрген сәтін көршісі видеоға түсірген.

Оқиға кеше түнде болған. Кадрларда қос қонжығын ерткен аюдың аулаға кіріп, иттерден бой тасалағаны көрінеді.

Жабайы аңдардың қала ішінде еркін жүруі жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 🥴 2
  • 🤯 1
  • 😨 1
Post #28658 67
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

🔹Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымы көрсетілді.

🔹Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

🔹Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

🔹Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ❤ 1
  • 👍 1
Post #28654 83
Әскердегі ерекше тосынсый: сарбазды түнде туған күнімен құттықтады

Әлеуметтік желіде әскердегі әсерлі сәт бейнеленген видео тарады.

Кадрларда ұйықтап жатқан сарбазды түнде жолдастары туған күнімен құттықтап, тосынсый жасағаны көрінеді. Олар сарбаздың көңілін көтеріп, ерекше сәтті бірге атап өткен.

Жылы қарым-қатынас пен күтпеген сыйлық желі қолданушыларын тәнті етті.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ❤ 1
  • 👏 1
  • 😍 1
Post #28653 89
Непал мен Тибеттегі апаттан кейін екі қазақстандық әлі табылған жоқ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Непалда іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда аяқталған. Ал Тибеттің Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Табылған мәйіттерді анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізілуде.

Бұған дейін үш қазақстандық турист хабар-ошарсыз кеткені хабарланған. Олардың біреуімен байланыс орнатылып, оның апат болған аймаққа бармағаны анықталды.

Қазір қалған екі қазақстандықтың тағдыры белгісіз. Олардың туыстары ДНҚ сараптамасы үшін биологиялық материал тапсырды. Дипломаттар отбасыларымен байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 😢 2
  • 🥴 1
  • 💔 1
Post #28651 99
🐾Баянауылда алғаш рет құну (росомаха) тіркелді

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше ғылыми жаңалық! Фотомониторинг барысында Павлодар облысының қазіргі жануарлар дүниесіне тән емес сирек жыртқыш – құну (Gulo gulo) фототұзаққа түсті.

Ғылыми деректерге сүйенсек, Қазақстанда құнудың негізгі таралу аймағы Оңтүстік Алтайдың таулы-тайгалы өңірлерін қамтиды. Дегенмен бұл жыртқыштың негізгі мекенінен алыс аумақтарда кездескен тарихи деректері де бар. Атап айтқанда:

🔹1932 жылы – Бурабай ормандарында (қазіргі Ақмола облысы);

🔹1948–1949 жылдары – Шағалалы көлі маңында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы).

Бұл – Павлодар облысында құнудың алғаш рет тіркелуі.
Ғалымдар мұндай жағдайларды жекелеген жануарлардың алыс қашықтыққа орын ауыстыруымен байланыстырады.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ❤ 3
  • 🤔 1
  • 😍 1
Post #28650 91
«Стоп-кредит» қосулы болса да, несие берілетін жағдайлар бар
 
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Стоп-кредит» қызметі қолданылмайтын жағдайларды түсіндірді.
 
Тыйым тауарлар мен қызметтерге тікелей төлем жасауға арналған кредиттерге, сол банктегі қарызды қайта қаржыландыруға, 150 АЕК-ке дейінгі кредиттік лимитке және салықтар мен айыппұлдарды өтеуге берілетін қарыздарға қолданылмайды.
 
Микрокредиттер де тауарлар мен қызметтерге тікелей төлем жасауға, сол микроқаржы ұйымындағы берешекті қайта қаржыландыруға және міндетті төлемдерді өтеуге берілуі мүмкін. Ал ломбард микрокредиттеріне «Стоп-кредит» қолданылмайды.
 
Егер қаржы ұйымы тыйымды бұзып, несие берсе, ол қарызды есептен шығаруға, кредиттік тарихты түзетуге және өндірілген соманы қайтаруға тиіс.

📷istok

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 👎 2
  • 👍 1
  • 🤨 1
Post #28649 90
Алматыда джип пен үш дөңгелекті көлік соқтығысты

Алматыдағы Солтүстік айналма жолда, Орталық киім-кешек базары маңында жол талғамайтын көлік пен үш дөңгелекті көлік соқтығысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш дөңгелекті көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан соқтығыс болып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Тексеру кезінде үш дөңгелекті көліктің тіркелмегені және жүргізушісінде көлік басқаруға қажетті құжаттар болмағаны анықталды.

📹полиция

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 😱 3
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
Post #28648 92
Қырғызстанда экс-президенттің ұлы 4 жылға сотталды
 
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев билікті басып алуға дайындалғаны үшін 4 жылға сотталды.
 
Бішкек соты Социал-демократиялық партия жетекшісі Қадыр Атамбаев пен Темирлан Султанбековті мүлкін тәркілеу арқылы 4 жылға бас бостандығынан айырды. Султанбековтің бұрынғы жазасын ескергенде, жалпы мерзімі 7 жыл болды.
 
Сондай-ақ Жениш Абдрахманов 8 жылға сотталды, Ермек Ерматов пробациямен босатылды, Қубанычбек Қадыров ақталды. Серікбай Кубаланбек уулу жазадан босатылып, Қазақстанға шығарылды.
 
Айыпталушылар 2025 жылдың қарашасында парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен ұсталған.

📷 викимедиа

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 😱 2
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
Post #28647 81
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

✔️Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

✔️Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

✔️Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

✔️Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.

✔️Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

📷 Ақорда

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ❤ 1
  • 🔥 1
  • 🥰 1
Post #28646 96
Шымкенттің қақ ортасында көлік өртенді

Шымкент қаласы Рысқұлов және Жолан батыр көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік өртенді. Тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз.

Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

📹 ТЖМ

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • 😱 2
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
Post #28645 101
Түркістан облысында қауіпті әрекет жасаған жүргізуші жазаланды
 
Түркістан облысында Toyota Alphard көлігін басқарған 42 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды. Әлеуметтік желідегі видеодан жолаушының көлік қозғалысы кезінде алдыңғы есікті ашып, денесін сыртқа шығарғаны анықталған.
 
Полиция жүргізушіні жауапкершілікке тартып, көлікті арнайы айыптұраққа қойды. Жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

📹 полиция

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
  • 😱 1
Post #28641 98
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуі нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды

📷 Ақорда

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
  • ❤ 2
  • ⚡ 1
  • 🔥 1
Older posts →

About this channel

How can I read @zakonkz_kaz without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Zakon.qaz: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Zakon.qaz have?
Zakon.qaz (@zakonkz_kaz) has 4.67K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Zakon.qaz know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →