Екібастұзда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат ұсталды
Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлері "Заңсыз келуші– 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Әуезов көшесінде патрульдеу жүргізу кезінде көршілес мемлекеттің азаматын тоқтатты. Тексеріс барысында шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімін бұзғаны анықталып, көші-қон полициясы бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Post #43508
28