TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43352 65
20 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру және газбен қамту деңгейін 64,5%-ға дейін жеткізу: Премьер-министр жыл соңына дейінгі міндеттерді белгіледі

20,4 млн м2 тұрғын үйді нақты пайдалануға беру құрылыс саласындағы 2026 жылға арналған басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, абаттандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға берілуі керектігін атап өтті.

⏺Тұрғындар үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«Тұрғын үйді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізуге қатысты қосымша ұсыныстар әзірленсін»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алдын ала әзірлеп, инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдету міндеті қойылды. Жаңа тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтамасыз етіліп, қоныстануға толық дайын болуы тиіс. 

🔺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2035 жылға қарай газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Энергетика министрлігіне QazaqGaz компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, магистральдық газ құбырларын уақтылы салу және газ саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру шараларын қабылдау тапсырылды.

Жыл соңына дейін газбен қамту деңгейін өткуен жылғы 64,2%-дан 64,5%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
More from @tvalmaty
  1. Oct 13, 2026Атырау облысында жолда қалған Германия азаматтарына полицейлер көмек көрсетті Құрманғазы а…
  2. Oct 13, 2026Абай облысында жыл басынан бері жоғалған 500-ден астам бала табылды Абай облысының полиция…
  3. Oct 13, 2026ШҚО-да көлік құрылымын өзгертіп, ереже бұзған жүргізуші анықталды Шығыс Қазақстан облысынд…
  4. Oct 13, 2026Петропавлда мас күйде электрлі мотоцикл айдаған жас жігіт қамауға алынды Петропавл қаласын…
  5. Oct 13, 2026Жетісуда өзен маңында заңсыз жер қазғандарға қатысты шара көрілді Жетісу облысында табиғат…
  6. Oct 13, 2026Абай облысында отбасылық жанжал шығарған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды Семей қаласында…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →