Оралда дәріханалардан тонометр ұрлаған 50 жастағы күдікті ұсталды
Орал қаласында фармацевтердің басқа тұтынушыларға қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, сөреде тұрған тонометрлерді жымқырып жүрген 50 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол екі дәріханадан медициналық құрылғыларды ұрлап, кейін қажетті дәрінің ақшасын төлеп шығып кетіп отырған. Тексеру барысында күдіктінің бұған дейін сауда үйлерінен киім-кешек те ұрлағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Post #43322
56