Орал әуежайында Қазақстанға тіл тигізген шетел азаматы жауапқа тартылды
Орал қаласы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері Стамбұл – Орал рейсімен ұшып келген 52 жастағы шетел азаматын ұстады. Ер адам паспорттық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының атына қорлайтын сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Полицейлер бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімімен ол кінәлі деп танылды және оған алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.
Post #43197
28