TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #43023 53
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлік көлік байланысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ логистикалық бағыттарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, ауқымды инвестициялар, негізгі инфрақұрылымдық алшақтықтарды жою және озық цифрлық шешімдер енгізу жол жүру уақытын қысқартуға, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға, сондай-ақ негізгі халықаралық дәліздердегі жүк ағынын жеделдетуге мүмкіндік берді.

Елімізде үш жыл ішінде 19,1 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделді

Автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамытуда жол желісін кеңейтуге, негізгі бағыттардың өткізу қабілетін арттыруға және облыс орталықтары, аудандар мен шалғай елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға басымдық берілді. 2023-2025 жылдары 19,1 мың шақырым жол салынды, реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, жөнделді.
  • 😨 2
More from @tvalmaty
  1. Oct 5, 2026🌨 Первый снег прошел в нескольких районах Акмолинской области В соцсетях появились снятые…
  2. Oct 5, 2026⚖️ Қызылорда облысында екі судья 9 жылға сотталды Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбді…
  3. Oct 5, 2026Казахстан завоевал 84 медали на Азиатских играх в Японии Сборная завершила игры с 12 золот…
  4. Oct 5, 2026✈️ Внутреннее авиасообщение расширилось до 890 рейсов в неделю В 2026 году восстановлен аэ…
  5. Oct 5, 2026Более 200 фактов пьяного вождения пресекли в Казахстане За неделю казахстанские полицейски…
  6. Oct 5, 2026💐Ұстаздар күні құтты болсын! ***** 💐С Днем учителя!
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →