Telegram Android және iOS үшін 11.14 нұсқасына жаңартылды
Қосымшаның жаңа нұсқасында пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерге қол жеткізе алады:
Профиль рейтингі
• Telegram енді пайдаланушы профилінде рейтинг белгішесін көрсетеді.
• Бұл белгішедегі сан Telegram Stars арқылы жасалған сәтті транзакциялар көлеміне байланысты.
• Рейтинг сыйлық сатып алу, ақылы хабарламалар мен жұлдызша реакциялар жіберу және жазбаларды алға жылжыту үшін төлеу арқылы өседі.
• Егер сіз Stars қайтарып алсаңыз немесе сыйлықты қайта Stars-қа айырбастасаңыз — рейтинг төмендейді.
• Егер ұпай саны 0 болса, белгіше көрсетілмейді.
• Рейтинг теріс мәнге ие болуы мүмкін.
• Шығындар рейтингі жасырын болмайды — ол барлық пайдаланушыларға көрінеді.
Публикалық жазбаларды іздеу
• Іздеу бөлімінде жаңа “Жазбалар” қойындысы пайда болды — мұнда барлық ашық арналар бойынша кілт сөздер арқылы іздеу нәтижелері көрсетіледі.
• Ғаламдық жазба іздеу тек Telegram Premium жазылымы бар пайдаланушыларға қолжетімді.
• Тіпті жазылымы барлар үшін де бұл іздеудің саны шектеулі: күніне 10 рет қана пайдалануға болады.
• Қосымша 10 Telegram Stars төлеу арқылы тағы бір іздеу сұрауын жіберуге болады.
Хиқиялардың альбомдары
• Енді хиқиялардың өз профиліңіздегі альбомдарға біріктіруге болады.
• Мұндай 20 альбомға дейін жасауға болады.
• Хиқияны альбом қосу үшін профиліңіздегі немесе арнаңыздағы “Жазбалар” қойындысын ашып, “Альбом қосу” батырмасын басыңыз.
• Хиқиялар жарияламас бұрын, оны қай альбомға қосатыныңызды таңдауға болады.
Сыйлық коллекциялары
• Профильдегі немесе арнадағы сыйлықтарды енді коллекцияларға біріктіруге болады.
• 10 коллекцияға дейін жасауға болады. Бір сыйлық бірнеше коллекцияға бірден кіре алады.
• Қарап шығуды жеңілдететін сүзгілер де қолжетімді.
• Коллекцияға қосу үшін “Сыйлықтар” қойындысын ашып, сыйлықты таңдап, “Коллекцияға қосу” батырмасын басыңыз.
Басқа жаңалықтар:
• Premium пайдаланушылар үшін жаңа, ерекше сыйлық түрлері жақын арада қолжетімді болады. Әр пайдаланушы оларды шектеулі мөлшерде ғана сатып ала алады.
• Жаңа @BotFather мини-қосымшасы арқылы боттарды енді құруға және басқаруға болады.
• Коллекциялық сыйлықтарды Telegram ішкі маркетплейсінде TON үшін сатуға, сатып алуға болады.
Мақала: telegram.org/blog/post-search-story-albums-and-more/ru
Жүктеу:
• Android: Google Play, ресми сайттан APK немесе расталған арнадан.
• iOS: App Store.
#жаңарту #Android #iOS
Post #323
95