Telegram Android және iOS үшін 12.2 нұсқасына жаңартылды
Қараша айындағы үлкен жаңартуда не жаңалық бар:
• Сторилердегі тікелей эфирлер:
Сторилер бөліміндегі “Тікелей эфир” қойындысында енді жеке немесе арна атынан эфир бастауға болады. Эфир кезінде пайдаланушылар қысқа пікір қалдырып, оларды жұлдызшалар арқылы бекіте алады. Эфир жүргізушісі трансляцияны құрылғы камерасы арқылы немесе сыртқы қолданбалар арқылы істей алады.
• Қайталап жіберілетін хабарламалар:
Кейінге жіберілетін хабарлама жоспарланған кезде оның қай жиілікпен жіберілетінін көрсетуге болады: күн сайын, апта сайын, екі апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын.
• Сыйлықтарға арналған аукцион:
Жаңа механизм шектеулі сыйлықтарды жұлдызшалармен ең жоғары бәс тіккен пайдаланушылар арасында бөліп береді. Егер сіздің бәсіңізді асырып, ол тізімнен түсіп қалса — ол автоматты түрде келесі раундқа өтеді. Ал соңғы раундта жеңілсе, жұмсалған жұлдызшалар толық қайтарылады.
• Android-тағы қайта жасалған панельдер:
Жаңа “Liquid Glass” стилі хабарлама енгізу өрісіне, боттар мен арналардағы батырма панельдеріне, командалар мен хэштегтер мәзіріне қолданылды. Бұл әйнек эффектін Параметрлер > Энергияны үнемдеу > Чат анимациялары бөлімінен өшіруге болады.
Басқа толықтырулар:
• Профильге сақталған музыка үшін құпиялылық баптаулары
• QR-код сканерлеу арқылы жаңа контакт қосу
• Telegram контактыларын құрылғы кітапшасымен синхрондауға арналған құсбелгі
• Құпиялылық баптауларында арналардан сыйлық алуды бұғаттау мүмкіндігі
Жүктеу:
• Android: Google Play, ресми сайттан APK немесе расталған арна
• iOS: App Store
#жаңарту #Android #iOS
Post #328
114

- ❤ 1
- 🦄 1