Вьетнам Telegram-ды бұғаттады
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Вьетнамның технология министрлігі Telegram қолданбасын пайдаланушылар жасаған қылмыстармен күреске ынтымақтастық танытпағаны үшін телекоммуникациялық провайдерлерге оны бұғаттауды тапсырды.
Полицияның мәліметінше, елдегі 9600 Telegram арнасы мен тобының 68%-ы алаяқтық, есірткі саудасы және терроризмге қатысы бар істер бойынша заңды бұзады. Сонымен қатар, полицияның айтуынша, “он мыңдаған қатысушысы бар көптеген топтарды оппозициялық және радикалды тұлғалар үкіметке қарсы құжаттарды тарату үшін құрған”.
2024 жылғы 21 мамырда жасалған құжатта телекоммуникациялық компанияларға Telegram-ды бұғаттау шараларын қабылдап, 2 маусымға дейін министрлікке есеп беру тапсырылған.
#бұғаттау #Вьетнам
Post #311
85

- 😱 1
- 🦄 1