Атырау вагон-дөңгелек шеберханасы аккредиттеу аттестатын алды
Texol компаниялар тобына кіретін «Атырау вагон-дөңгелек шеберханасы» ЖШС (ВДШ) сынақ зертханасы ұлттық аккредиттеу жүйесі аясында және Кеден одағының Техникалық регламенті ТР ТС 001/2011 талаптарына сәйкес ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 халықаралық стандарты бойынша аккредиттеу аттестатын алды.
Аталған құжат зертхананың сынақ жүргізу және өнімді бағалау бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды, сондай-ақ оның нәтижелері Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде танылатынын көрсетеді.
Аккредиттеу — кәсіпорынның өндірістік және техникалық базасын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының заңды жалғасы. Бүгінде ВДШ сапаны бақылау үдерістерін заманауи салалық стандарттар деңгейінде ұйымдастырып, әр кезеңде сенімділік пен дәлдікті қамтамасыз етеді.
Аттестат алу компанияның сапаға деген жүйелі көзқарасын көрсетіп, саланың өзекті талаптарына сәйкес жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдейді.
_______
Вагоно-колесная мастерская Атырау получила аттестат аккредитации
Испытательная лаборатория ТОО «Вагоно-колесная мастерская Атырау» (ВКМ), входящая в группу компаний Texol, получила аттестат аккредитации в национальной части и в рамках Технического Регламента Таможенного Союза ТР ТС 001/2011 на соответствие требованиям международного стандарта ГОСТ ISO/IEC 17025-2019.
Документ подтверждает, что лаборатория соответствует установленным требованиям к проведению испытаний и оценке продукции, а результаты её работы признаются в системе аккредитации Республики Казахстан.
Аккредитация стала логичным продолжением последовательной работы предприятия по развитию производственной и технической базы. Сегодня ВКМ выстраивает процессы контроля качества на уровне современных отраслевых стандартов, обеспечивая надежность и точность на каждом этапе.
Получение аттестата отражает системный подход компании к качеству и подтверждает готовность работать в соответствии с актуальными требованиями отрасли.
Post #192
587


- 👍 17
- ❤ 5
- 👏 4