TGViewer
TEXOL Life TEXOL Life @texolkz · 506 subscribers
Post #202 557
Texol компаниялар тобының кәсіпорындарына «Теңізшевройл» ЖШС-нің Бас директоры Уильям Лакоби бастаған компания басшылығы мен өкілдері жұмыс сапарымен барып, өндірістік нысандардың қызметімен танысты.

Сапар барысында Теңіз кен орнын игеру жөніндегі ең ірі оператордың өкілдері компаниялар тобының өндірістік алаңдарымен, кәсіпорындардың негізгі қызмет бағыттарымен, сондай-ақ вагон құрастыру, көлік логистикасы және өнеркәсіптік өндіріс салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Өндірістік нысандарды аралау барысында қонақтарға «Махамбет» өнеркәсіптік-өндірістік кешені аумағында орналасқан вагон сервистік орталығы таныстырылды. Оның құрамына вагон-доңғалақ шеберханасы, ТМД кеңістігіндегі ең заманауи әрі инновациялық жөндеу-сынақ кәсіпорны, жаңа вагон жөндеу кәсіпорны, вагондарды (цистерналарды) жуу пункті, сондай-ақ сұйытылған газды сақтауға арналған ең ірі қойма кіреді.

Атырау вагон құрастыру зауытында қонақтар люкті жартылай вагондарды өндіру желісін, сондай-ақ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған цистерналар шығаратын ең инновациялық өндіріс желісін аралап көрді.

Texol компаниялар тобы кәсіпорындардың қызметіне қызығушылық танытып, жергілікті қамтуды дамытуға және Қазақстанның мұнай сервистік нарығын одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалог үшін «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы мен өкілдеріне алғысын білдіреді.

______

Предприятия группы компаний Texol посетили руководство и представители ТОО «Тенгизшевройл» во главе с генеральным директором Уильямом Лакоби.

В рамках визита представители крупнейшего оператора месторождения Тенгиз ознакомились с производственными площадками группы компаний, ключевыми направлениями деятельности предприятий, а также реализуемыми проектами в сфере вагоностроения, транспортной логистики и промышленного производства.

В ходе посещения производственных объектов были представлены центр вагонного сервиса на территории промышленно-производственного комплекса «Махамбет», в состав которого входит Вагоно-колесная мастерская, новейший и самый инновационный на территории СНГ РИП, новое вагонно-ремонтное предприятие, пункт промывки вагонов (цистерн), а также крупнейшее хранилище сжиженного газа.

На Атырауском вагоностроительном заводе гости посетили линию производства люковых полувагонов, и самую инновационную линию производства цистерн для перевозки сжиженного газа и нефтепродуктов.

Группа компаний Texol выражает благодарность руководству и представителям ТОО «Тенгизшевройл» за проявленный интерес к деятельности предприятий и конструктивный диалог, направленный на развитие местного содержания и нефтесервисного рынка Казахстана.
  • 👍 14
  • ❤ 3
  • 💯 3
  • 👏 2
  • 🎉 1
  • 🤝 1
More from @texolkz
  1. Sep 16, 2026«Атырау вагон құрастыру зауытының» бас директоры Есболат Дүйсеков ТМД Теміржол көлігі жөні…
  2. Sep 7, 2026Атырауға жұмыс сапары аясында ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының Төрағасы Қанат Бисімбайұлы Ш…
  3. Aug 1, 2026Уважаемые коллеги! Поздравляю вас с профессиональным праздником - Днем работников железнод…
  4. Jul 1, 2026Атырауда «Тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Сынақ орталығы ашылды 2026 жылғы 1 шілдеде…
  5. Jun 15, 2026Құрметті достар, біз TEXOL компаниясының еңбек әулеттеріне арналған айдарымызды жалғастыра…
  6. Jun 10, 2026Бүгін Атырау қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Атырау облысының Кәсіпкерлік жә…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →