21 сәуір күні Қазақстан астанасында Моңғолия делегациясының ресми сапары аясында Қазақстанда өндірілген теміржол вагондарын жеткізуге арналған алғашқы экспорттық келісімшартқа қол қойылды.
Жеткізуші — жүк жылжымалы құрамының ірі өндірушісі Атырау вагон құрастыру зауыты (АВҚЗ).
Алғашқы партия — 100 люкті жартылай вагон — Mongolian Ore Bal LLC компаниясына бір ай ішінде жөнелтіледі. Келісімшарттың жалпы құны шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайды.
АВҚЗ (TEXOL компаниялар тобының құрамында) — жылына 8 000 вагонға дейін өндіруге қауқарлы, толық циклді заманауи өндіріс. Кәсіпорын жартылай вагондар, контейнерлік платформалар және мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутек газдарына арналған цистерна вагондарын шығарады.
Атыраудағы индустриялық кластерге салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайды. Жақын арада ғылыми-зерттеу және сынақ орталығын ашу жоспарлануда.
Mongolian Ore Bal LLC — темір кенін өндіру және байыту саласында жобаларды жүзеге асырып жатқан, сондай-ақ вагон логистикасында мол тәжірибесі бар қарқынды дамып келе жатқан тау-кен компаниясы.
_______
21 апреля в столице Казахстана, в рамках официального визита делегации Монголии, подписан первый экспортный контракт на поставку железнодорожных вагонов казахстанского производства.
Поставщик — Атырауский вагоностроительный завод (АВСЗ), крупнейший производитель грузового подвижного состава.
Первая партия — 100 люковых полувагонов — будет отправлена компании Mongolian Ore Bal LLC в течение месяца. Общая сумма контракта — около 10 млн долларов.
АВСЗ (в составе группы TEXOL) — современное производство полного цикла с проектной мощностью до 8 000 вагонов в год. Предприятие выпускает полувагоны, контейнерные платформы и цистерны для нефтепродуктов и СУГ.
Общий объём инвестиций в индустриальный кластер в Атырау составляет порядка 400 млн долларов. В ближайшее время планируется открытие научно-исследовательского испытательного центра.
Mongolian Ore Bal LLC — активно развивающаяся горнодобывающая компания, реализующая проекты в сфере добычи и обогащения железной руды и обладающая значительным опытом в вагонной логистике.
Post #190
574


- 👍 13
- ❤ 5
- 🔥 5
- 👏 5