TGViewer
TEXOL Life TEXOL Life @texolkz · 507 subscribers
Post #125 1.3K
23 мамыр күні қазақстандық «Texol Steel Technology» ЖШС мен Қытайдың жобалаушы компаниясы “Hubei Provincial Mechanical and Electrical Institute GROUP Co., LTD” арасында Келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшартқа сәйкес, бес ай ішінде теміржол вагондарына арналған шағын және орта құйма шығаратын зауыттың жобасы әзірленеді. Құрылыс Атырау қаласындағы индустриялық кластер аясында жүзеге асырылады.

2027 жылға қарай жылдық қуаттылығы 30 000 тонна өнім өндіретін зауыт іске қосылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын вагоноқұрастыруға қажетті негізгі құрамдас бөлшектерді жергіліктендіруді қамтамасыз етіп, шамамен 500 жаңа жұмыс орнын ашпақ.

Екіжақты Келісімшарт салтанатты жағдайда, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мәжіліс залында рәсімделді. Орындаушы тарапынан Келісімшартқа “Hubei Provincial Mechanical and Electrical Institute” компаниясының техникалық директоры Юань Юн, ал тапсырыс беруші тарапынан TEXOL Group директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава қол қойды.

_________

23 мая состоялось подписание Контракта между Казахстанской компанией TOO «Texol Steel Technology» и Китайской проектировочной компанией "Hubei ProvincialMechanical and Electrical Institute GROUP Co., LTD".

Согласно договору, в течение 5 месяцев будет разработан проект завода по производству мелкого и среднего литья для железнодорожных вагонов. Строительство реализуется в рамках индустриального кластера в г. Атырау.

К 2027 году планируется запуск производства мощностью 30 000 тонн продукции в год. Предприятие обеспечит локализацию ключевых комплектующих для вагоностроения и создаст около 500 рабочих мест.

Двусторонний контракт был подписан в торжественной обстановке в зале Мажилис под эгидой акима Атырауской области Серика Шапкенова. Со стороны исполнителя Контракт подписал Технический директор "Hubei ProvincialMechanical and Electrical Institute» Юан Юн, со стороны заказчика - Председатель совета директоров TEXOL Group - Шота Абхазава.
  • 👍 22
  • 🔥 2
  • 👏 1
More from @texolkz
  1. Sep 16, 2026«Атырау вагон құрастыру зауытының» бас директоры Есболат Дүйсеков ТМД Теміржол көлігі жөні…
  2. Sep 7, 2026Атырауға жұмыс сапары аясында ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының Төрағасы Қанат Бисімбайұлы Ш…
  3. Aug 1, 2026Уважаемые коллеги! Поздравляю вас с профессиональным праздником - Днем работников железнод…
  4. Jul 1, 2026Атырауда «Тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Сынақ орталығы ашылды 2026 жылғы 1 шілдеде…
  5. Jun 22, 2026Texol компаниялар тобының кәсіпорындарына «Теңізшевройл» ЖШС-нің Бас директоры Уильям Лако…
  6. Jun 15, 2026Құрметті достар, біз TEXOL компаниясының еңбек әулеттеріне арналған айдарымызды жалғастыра…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →