سورة الناس
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ (1) مَلِكِ النَّاسِ (2) إِلَهِ النَّاسِ (3) مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ (4) الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ (5) مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ (6)
«Ән-Нәс» сүресі
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
1. Айт (әй Елші): «(Жалғыз Өзі ғана уәс-уәстардың жамандығын қайтаруға құдіретті болған) адамдардың Раббысына,
2. (Олардың бүкіл істерін басқаратын әрі Өзі оларға мұқтаж болудан бай-мұңсыз болған) адамдардың Иесіне (Патшасына),
3. (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ болған) адамдамдардың Құдайына,
4. (Пенде ғапылдыққа салынған кезде сыбырлап азғыратын әрі Аллаһты зікір еткен кезде жоқ болып) жасырынатын (Шайтанның) уәс-уәстарының кесір-зиянынан,
5. Сондай адамдардың көкейлеріне (жамандық пен күмәндар) салатын,
6. Жындар мен адамдардан болған (бүкіл азғырушы шайтандардың жамандығынан) пана (мен қорғау) тілеп сиынамын».
✍ Аударма авторлығы: "Абу Ханифа мирасы" сайты
Post #712
559
- ❤ 3