❓80-сұрақ: Құрандағы ең қысқа сүре қандай? Оны жатқа оқы әрі мағынасын жеткіз.
✅ Жауап: Ол "әл -Кәусар" сүресі
Соңы:
✨ Пайғамбарымыздың ﷺ Су Айдынының сипаттамасы.
✅ Абу Сағид әл-Худриден (Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегені) жеткізіледі: «Расында, менің Қағбадан Бәйт әл-Мақдиске дейінгі көлемдегі Су Айдыным (Хауд) бар, ол сүттей әппақ, ондағы ыдыстардың (саны) аспандағы жұлдыздардың санындай. Әрі, расында, Мен Қиямет күні ең көп ілесушісі бар пайғамбар боламын» («әс-Сахиха», 3949).
✅ Хузайфа Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Расында, (Қиямет күні) менің Су Айдыным (әл-Хауд) Айләдан Аднға дейінгі арақашықтықтан үлкен. Жаным Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, бұл Су Айдынындағы ыдыстардың саны жұлдыздардың санынан көп, ал ондағы су сүттен ақ, балдан тәтті. Жаным Қолында болған (Аллаһпен) ант етемін, әлдебір адам бөгде түйелерді өз су қоймасынан қалай қуып жолатпаса, мен де өз Су Айдынымнан бөгде адамдарды солай қуып жолатпайтын боламын». Адамдар: «Уа Аллаһтың Елшісі! Сіз сол кезде бізді тани аласыз ба?», - деп сұрады. Пайғамбар ﷺ: «Иә, сендер маған дәрет алғандарың себебінен, маңдайлары мен аяқтарының төменгі жақтары ақ түсті аттар сияқты, (жүздерің мен қол-аяқтарың нұрланып) келесіңдер және бұл басқа ешкімге берілмейді», - деп жауап берді» («әс-Сахиха», 3526).
Post #727
345