📣 She’s Next, Empowered by Visa байқауының нәтижелері!
Құрметті қатысушылар,
17 қазанда She’s Next Empowered by Visa бастамасының төртінші толқынының финалы өтті. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
«Қолданыстағы бизнес» санаты:
🏆 1 орын – Мадина Өскенбаева, Тереңқара, Алмарай эко қоныс – Miya отбасы фермасы, экологиялық шикізаттан италияндық технология бойынша өндірілген крафт ірімшіктері
🏆 2 орын – Ұлжан Қошманова, Көкшетау қаласы – Заманауи жылжымалы жел-күн генераторлары
🏆 3 орын – Гүлназ Қадыр, Павлодар қаласы – Qazoner Group, ұлттық ОРТЕКЕ ойының жаңғырту
«Бастаушы бизнес» санаты:
🏆 1 орын – Кәмшат Жолдасбек, Қаскелең қаласы – Smart Biohumus, жасанды интеллекттің көмегімен органикалық тыңайтқыш өндіру бойынша инновациялық жоба
🏆 2 орын – Диана Мурзағалиева, Астана қаласы – SpeakUp, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған жасанды интеллект негізіндегі мобильді қосымша
🏆 3 орын – Айым Мыңбай, Алматы қаласы – SecureBala, 4–17 жас аралығындағы балаларға арналған қазақстандық әйелдер жасаған мобильді қосымша
IT-бизнес:
🏆 Эльмира Бақтиярова, Алматы қаласы – Jetqor, маркетплейстердегі фулфилментті және тапсырыстарды басқаруды автоматтандыруға арналған IT-платформа
🏆Мағзум Төлештен арнайы сыйлық:
Айсұлу Қалшабекова, Астана қаласы – IceCore.ai, клиенттерді қолдауға арналған AI-экожүйе.
Финал жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Әр жоба өзінше ерекше әрі шабыттандыратын болды. Сіздердің алдағы уақытта да дамып, жаңа мүмкіндіктер тауып, өз әлеуеттеріңізді толық жүзеге асыратыныңызға сенеміз! 🙌🏻
Қорытынды іс-шарада түсірілген суреттерді тамашалап, сілтеме арқылы жүктеп алсаңыздар болады.
Visa мен Halyk-тың әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ бастаманың ресми Telegram-каналынан жаңалықтар мен хабарламаларды бақылап отырыңыздар – келесі іс-шараларды өткізіп алмаңыздар.
Кездескенше!
Құрметпен,
She’s Next командасы
Post #311
4.2K
- ❤ 18
- 😁 4
- 👍 2