TGViewer
She’s Next, Empowered by Visa She’s Next, Empowered by Visa @she_is_next · 9.55K subscribers
Post #322 859
📌 She’s Next бесінші толқынына қалай қатысуға болады?

Бастамаға қатысу үшін сіз келесі талаптарға сай болуыңыз қажет:
• 18 жастан асқан болу;
• Қазақстан Республикасының азаматы болу;
• өз атыңызға тіркелген жеке бизнесіңіз немесе байқау аясында дамытуға дайын бизнес-идеяңыз болуыңыз керек.

Қатысудың толық ережелері мен шарттарымен She’s Next сайтында танысуға болады.

📅 Байқаудың маңызды күндері мен кезеңдері

1️⃣ Тіркелу және паблик-токтар: 14 қыркүйек – 8 қараша
She’s Next платформасында тіркеліп, өзіңізге қажетті санатты таңдаңыз.
Бұл кезеңде Қазақстанның бес қаласында кәсіпкер әйелдердің, Visa өкілдерінің және Halyk командасының қатысуымен паблик-токтар өтеді.
❗️ Назар аударыңыз: паблик-токтарға қатысу үшін бөлек тіркелу қажет. Өз қалаңызды таңдап, shesnext.kz сайтында іс-шараға тіркеліңіз.

2️⃣ Білім беру кезеңі: 9–22 қараша
Тіркелген барлық қатысушылар келесі кезеңге – бизнес-жоспар әзірлеп, оны ұсынуға дайындалуға көмектесетін білім беру вебинарларына қатысаалады.

3️⃣ Бизнес-жоспарларды қабылдау: 23 қараша – 13 желтоқсан
Білім беру кезеңінен кейін қатысушылар бизнес-жоспарларын әзірлеп, сарапшылардың бағалауына ұсынады.

4️⃣ Сараптамалық іріктеу және онлайн-питчинг: 14 желтоқсан – 10 қаңтар
Сараптамалық комиссия ұсынылған бизнес-жоспарларды бағалап, онлайн-питчингке 40 жобаны іріктейді.
Оның қорытындысы бойынша 12 финалист – әрсанаттан үш қатысушы анықталады. Олар финалда өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

5️⃣ She’s Next Grand Final: 22 қаңтар
12 финалист Алматыда бас қосып, өз жобаларын қазылар алқасының алдында таныстырады және бизнесті дамытуға арналған ақшалай жүлделер үшін бақ сынайды.

Тіркелу 8 қарашаға дейін сайтында ашық.

She’s Next-тің бесінші толқынына қосылыңыз! shesnext.kz сайтына тіркеліп, өз санатыңызды таңдаңыз да, бизнесіңізді дамыту жолындағы маңызды қадамды жасаңыз! 💙
  • ❤ 2
More from @she_is_next
  1. Sep 21, 2026💡Какую категорию выбрать для участия в She’s Next? В пятой волне инициативы She’s Next пр…
  2. Sep 21, 2026💡She’s Next-ке қатысу үшін қай санатты таңдау керек? She’s Next бастамасының бесінші толқ…
  3. Sep 18, 2026She’s Next, Empowered by Visa pinned «📌 Как принять участие в пятой волне She’s Next? Что…
  4. Sep 18, 2026📌 Как принять участие в пятой волне She’s Next? Чтобы стать участницей инициативы, необхо…
  5. Sep 16, 2026🏆 Призовой фонд пятой волны She’s Next Участие в She’s Next – это возможность не только п…
  6. Sep 16, 2026🏆 She’s Next бесінші толқынының жүлде қоры She’s Next-ке қатысу – жаңа білім алып, сарапш…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →