TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 685 subscribers
Post #2126 352
Қазақстандағы ядролық медицина: пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

Ядролық медицина — күрделі ауруларды неғұрлым дәл диагностикалауға және тиімді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи бағыт.

2024 жылы Қазақстандағы клиникалардың бірінде алғаш рет «Росатом» ғалымдары әзірлеген «Самарий, 153Sm Оксабифор» радиофармацевтикалық препараты сүйек метастаздары бар онкологиялық науқастарды емдеу үшін қолданылды. Көптеген адамдар үшін бұл — өмір сапасын жақсартып, оны ұзарта түсудің үлкен мүмкіндігі.

Бұл саланың дамуына ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты жауапты. Мұнда медицинада кеңінен қолданылатын препараттар жасалып, өндіріледі. Қазіргі таңда елде радиоизотоптар өндіруге арналған алты қондырғы жұмыс істейді: ВВР-К зерттеу реакторы және бес циклотрон бар, олардың үшеуі онкологиялық клиникаларда дәрігерлерге көмек көрсетіп келеді.

📌 Мұның бәрі диагностика мен терапияның заманауи әдістерін халыққа барынша қолжетімді етіп, Қазақстан денсаулық сақтау саласында озық технологиялардың дамуына жол ашады.
  • 👍 3
  • ⚡ 2
  • 👏 2
More from @rosatom_ca
  1. Oct 17, 2026🇹🇷 FESCO запустила интермодальный маршрут из Анкары в Санкт-Петербург 🚢 Транспортная гр…
  2. Oct 17, 2026🇹🇷 FESCO Анкарадан Санкт-Петербургке интермодальды бағытты іске қосты FESCO көлік тобы (…
  3. Oct 16, 2026Первый в мире экспортный проект плавучей АЭС — в Индонезии Росатом и индонезийская PT Pemb…
  4. Oct 16, 2026Әлемдегі алғашқы қалқымалы АЭС экспорттық жобасы — Индонезияда Росатом мен индонезиялық PT…
  5. Oct 16, 2026В Москве открывается III Международный туристический форум Discover Atom 15–17 октября муз…
  6. Oct 16, 2026Мәскеуде III Discover Atom халықаралық туристік форумы ашылады 15–17 қазанда ВДНХ-дағы «Ат…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →