27–28 қыркүйекте Мәскеуде World Atomic Week жастар бағдарламасы аясында студенттік Global HackAtom чемпионатының тұңғыш халықаралық финалы өтті.
Ресейден және тағы тоғыз елден келген 50-ден астам қатысушы ядролық технологиялардың адамзатқа ғарышты игеруге қалай көмектесетінін ұсынды.
Еске сала кетейік, финалистер қатарында Қазақстаннан келген команда да болды — олар «Матрёшка» жобасын, Айдағы автономды ғарыштық базаның тұжырымдамасын таныстырды.
🏆 Чемпиондар атанды:
1️⃣ TUPI Tech (Бразилия) — ғаламшараралық миссияларға арналған модульдік атомдық реактор.
2️⃣ Tahu Sumedang (Индонезия) — ұзақ қашықтыққа ұшуларда циркадтық ырғақты сақтауға арналған технология.
3️⃣ IsotopeX (Венгрия) — өмірлік көрсеткіштерді бақылауға арналған атомдық қуат көзі.
Сарапшылар барлық командалардың жоғары деңгейін және болашаққа бағытталған идеяларын атап өтті.
Post #2113
200

- 🏆 2