Қазақстандық команда Global HackAtom-2025 финалында!
Global HackAtom — бұл атом технологиялары үшін серпінді шешімдер жасайтын бүкіл әлем студенттерін біріктіретін идеялар марафоны. Мұнда дайын үлгілерге орын жоқ — тек креатив, қызу пікірталастар мен драйв.
2025 жылы жоба жаңа деңгейге көтерілді: алғаш рет гранд-финал Ресейде, атом өнеркәсібінің 80 жылдығына арналған World Atomic Week аясында өтті.
10 елдің ұлттық кезеңінің жеңімпаздары Мәскеуге келіп, Global HackAtom-ның ең мықты командасы атағы үшін бақ сынады.
Қазақстандық команда «Матрёшка» жобасын ұсынды — автономды ғарыштық базаның батыл концепциясы:
🔹 отынды және материалдарды орнында өндіру;
🔹 энергия, су, ауа үшін тұйық циклдер;
🔹 әртүрлі миссияларға бейімделетін модульдік құрылым.
Басты мақсат — Жерге тәуелділікті азайту және Күн жүйесін игеруді жеделдету.
Post #2109
189

- ❤ 3
- 👍 1
- 💯 1