TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 685 subscribers
Post #2072 184
Солтүстік теңіз жолы: ашылулардан инновацияларға дейінгі 500 жыл

Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында «Көкжиектегі 500 жыл: ашылулардан инновацияларға дейінгі Солтүстік теңіз жолы» атты сессия өтті.

Оған «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қатысты. «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв өз сөзінде Солтүстік теңіз жолының алғашқы зерттеушілерін қазіргі замандастармен салыстырып, СТЖ игерудің бес ғасырлық тарихы кейде қайғылы, бірақ сонымен бірге ерлікке толы шежіре екенін атап өтті. Арктикаға әрқашан сынақтарға дайын адамдар аттанған. Сондай-ақ ол бұл бағытты дамытуда мол тәжірибе жинақталғанын айтты.

«Алайда СТЖ басқа көлік инфрақұрылымынан оқшау дамымайды. Жүк жөнелтуші, мейлі отандық болсын, мейлі шетелдік болсын, өзінің жүгі тек Кар қақпасынан Беринг бұғазына дейінгі 3000 теңіз милін құрайтын шағын учаскеде ғана емес, ұзындығы 8300 теңіз миліне созылатын бүкіл бағыт бойымен – батыс порттардан (Калининград пен Санкт-Петербургтен) Владивостокқа дейін немесе керісінше – қауіпсіз әрі уақытылы жеткізілетініне кепілдік алғысы келеді»,

– деді ол.

Бұл үшін теміржол мен автомобиль жолдарын, өзен жолдары мен порттарды қамтитын бүкіл логистикалық инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту қажет.
  • 👍 2
  • ❤ 1
  • 🔥 1
More from @rosatom_ca
  1. Oct 17, 2026🇹🇷 FESCO запустила интермодальный маршрут из Анкары в Санкт-Петербург 🚢 Транспортная гр…
  2. Oct 17, 2026🇹🇷 FESCO Анкарадан Санкт-Петербургке интермодальды бағытты іске қосты FESCO көлік тобы (…
  3. Oct 16, 2026Первый в мире экспортный проект плавучей АЭС — в Индонезии Росатом и индонезийская PT Pemb…
  4. Oct 16, 2026Әлемдегі алғашқы қалқымалы АЭС экспорттық жобасы — Индонезияда Росатом мен индонезиялық PT…
  5. Oct 16, 2026В Москве открывается III Международный туристический форум Discover Atom 15–17 октября муз…
  6. Oct 16, 2026Мәскеуде III Discover Atom халықаралық туристік форумы ашылады 15–17 қазанда ВДНХ-дағы «Ат…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →