🏢Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
▶️Ақмола облысында 1981 жылы салынған Көкшетау станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
▶️Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.
▶️Қайта құру барысында жертөле және техникалық қабаттары бар үш қабатты вокзал ғимараты жаңартылды.
▶️Қайта жаңартудан кейінгі ғимараттың ауданы 9 345,4 шаршы метрді, конкорстық өткел ауданы 884,85 шаршы метрді құрады.
▶️Фиброцемент тақталарынан жасалған қасбеті жаңартылып, берік, отқа төзімді және оңай жуылатын материалдарды қолдана отырып, ішкі әрлеу жасалды. Эскалатор, тік көтергіш, жиһаз және қажетті жабдық орнатылған. Сондай-ақ инженерлік желілер жаңартылып, аумақ абаттандырылды және төрт жолаушы лифті бар конкорс өткелі салынды. Қазақстандық өндірістің материалдары қолданылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық жолдар мен есіктер ұйымдастырылды.
▶️Көкшетау вокзалы 1-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1800 адамды құрайды. Станция арқылы Көкшетауды Астана, Алматы, Петропавл, Бурабай курорты, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Атырау, Шу, Түркістан, Шымкент және Тараз, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 32 жолаушылар пойызы өтеді.
▶️Жаңартылған вокзал жолаушыларға жайлылықтың, қауіпсіздіктің және қызметтердің қолжетімділігінің заманауи деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің көліктік тартымдылығын арттырады.
Post #14912
367










- ❤ 3