TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.89K subscribers
Post #14811 708
🏢Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

▶️Ұлытау облысында, Жезқазғанда 1941 жылы салынған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жаңартудан кейін вокзал алаңы төрт еседен астамға – 582-ден 2540 шаршы метрге дейін өсті. Ғимаратта жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, инфрақұрылым жаңартылды.

▶️Қайта құру барысында жаңа тірек қаңқасы, қабырғалар мен төбелер тұрғызылып, шатыр толығымен жаңартылды. Инженерлік желілер ауыстырылып, жаңа терезелер мен витраждар орнатылды, қасбеті мен ішкі үй-жайлар жаңартылды. Ғимаратта заманауи жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері қарастырылған.

▶️Жолаушылар үшін күту залдары мен қоғамдық аймақтар жаңартылды. Іргелес аумақ абаттандырылып, төсеніштер төселді, шатыр мен жолаушылар перроны жаңартылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа жиһаз, қажетті жабдық, қоршаулар және қосымша эвакуациялық шығулар орнатылды.

▶️Қайта құрудан кейін вокзал бір уақытта 441 адамға дейін қызмет көрсете алады. Станцияның орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1 907 адамды құрайды.

▶️Жезқазған станциясы арқылы қаланы Алматы, Астана, Павлодар, Қызылорда және Қарағандымен байланыстыратын 12 пойыз өтеді.

▶️Қайта құру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

▶️Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.
  • 👍 4
  • ❤ 2
More from @railways_kz
  1. Oct 9, 2026✅«ЖАС ҮЗДІК МАМАН - 2026» 🔹8-9 қазан күндері Астана қаласында «Жас үздік маман» кәсіби ба…
  2. Oct 9, 2026✅ҮЗДІК ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ТЕМІРЖОЛ КҮЗЕТІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ «Әскерилендірілген теміржол күзеті» А…
  3. Oct 9, 2026🗣Свыше 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года ➡️Перевозки угля находятся н…
  4. Oct 9, 2026🗣Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды ➡️Көмір тасымалы…
  5. Oct 9, 2026👩‍🎓ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті ALT уни…
  6. Oct 8, 2026🌟Порт Актау обновил рекорд по контейнерным перевозкам По итогам сентября 2026 года через…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →