TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.85K subscribers
Post #15032 696
🗣Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

➡️Көмір тасымалы ҚТЖ-ның ерекше бақылауында. 2026 жылдың 9 айында темір жол көлігімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 900 мың тоннаға артық. Экспортқа 24 млн тонна (+300 мың тонна) жөнелтілді, Қазақстан бойынша 53 млн тоннадан астам (+600 мың тонна) тасымалданды.

➡️Жылыту маусымы басталғаннан бері, осы жылдың 1 мамырынан 30 қыркүйегіне дейін республика бойынша 28 млн тонна көмір тасымалданды – өткен маусымның ұқсас кезеңі деңгейінде. Оның ішінде 25,8 млн тонна ЖЭО-ға және 2,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін бағытталды. Елдің ЖЭО-дағы көмір қоры норма деңгейінде немесе одан жоғары деңгейде.

➡️Өңірлердің коммуналдық-тұрмыстық көмірге жоспарлы қажеттілігі мамыр мен қыркүйек аралығында 2,3 млн тонна көлемінде толық орындалды.

➡️Барлық жылыту маусымына автокөлікпен әкетілетін көлемді қоса алғанда, 7,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу көзделген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 154 мың тоннаға аз. Төмендеу өңірлерді газдандыру деңгейінің өсуімен байланысты.

➡️Жылжымалы құрамның тапшылығы жоқ. Жүк жөнелтушілердің өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілуде.

➡️Көмір тасымалдау үшін «Қазтеміртранс» АҚ-ның 18,5 мыңға жуық вагоны жұмылдырылды. Іске кірістірілген барлығы 27 мың жартылай вагон бар. Ең жоғары жүктемелер кезеңінде қосымша 3 мың жартылай вагонға дейін резерв қалыптастырылады.

➡️Жылыту маусымы басталғаннан бері тасымалдауды жедел бақылау үшін Энергетика министрлігі алаңында апта сайын Коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау жөніндегі республикалық штабтың отырыстары өткізіледі.

➡️ҚТЖ-да көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді. Оған орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің 60 астам маманы кіреді. Штаб тәулік бойы әрбір көмір кенішінен елдің өңірлеріне көмірді тиеуді және жеткізуді бақылайды.
  • ❤ 14
More from @railways_kz
  1. Oct 9, 2026✅«ЖАС ҮЗДІК МАМАН - 2026» 🔹8-9 қазан күндері Астана қаласында «Жас үздік маман» кәсіби ба…
  2. Oct 9, 2026✅ҮЗДІК ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ТЕМІРЖОЛ КҮЗЕТІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ «Әскерилендірілген теміржол күзеті» А…
  3. Oct 9, 2026🗣Свыше 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года ➡️Перевозки угля находятся н…
  4. Oct 9, 2026👩‍🎓ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті ALT уни…
  5. Oct 8, 2026🌟Порт Актау обновил рекорд по контейнерным перевозкам По итогам сентября 2026 года через…
  6. Oct 8, 2026🌟Ақтау порты контейнерлік тасымалдау бойынша рекордты жаңартты 2026 жылғы қыркүйек айының…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →