🗣 Wabtec АҚШ-тан тыс жерде алғаш рет дизель қозғалтқыштарын өндіруді Қазақстанда іске қоспақ
🔴АҚШ-қа жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған делегация локомотив жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Wabtec компаниясының Пенсильвания штаты, Гроув-Сити қаласындағы өндірістік алаңдарына барды.
➡️Гроув-Сити зауыты локомотивтер мен ауыр техникаға арналған дизель қозғалтқыштарын өндіру және күрделі жөндеумен айналысуға маманданған. ҚТЖ делегациясы баламалы отын түрлерін пайдалану, қуат агрегаттарын жаңғырту үдерістері, сондай-ақ цифрлық мониторинг пен сапаны бақылау жүйелерін қоса алғанда, заманауи технологиялармен танысты.
➡️Энергоүнемділік, шығарындыларды азайту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар ҚТЖ-ның жылжымалы құрамын дамытудағы негізгі басымдықтар болып табылады.
✔️Кездесу қорытындысы бойынша Wabtec компаниясы 2026 жылы «Астана Дизель Сервис» зауытында жаңа дизель қозғалтқыштарын өндіруді іске қосу жоспарын растады. Бұл АҚШ-тан тыс жерде ашылатын алғашқы қозғалтқыш өндірісі болмақ. Қазақстан үшін бұл локализацияны дамыту мен саланың технологиялық тәуелсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады.
⏺Тараптар сонымен қатар технология трансфері, кадрлар даярлау және локомотив паркін техникалық сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Бұл сапар серіктестікті нығайтудағы маңызды кезеңге айналып, ҚТЖ-ның елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға халықаралық тәжірибені енгізу бағытын тағы да айқындап берді.
➖➖➖
🗣Wabtec впервые запустит производство дизельных двигателей за пределами США — в Казахстане
🔴В рамках рабочей поездки в США делегация АО «НК «Қазақстан темір жолы» во главе с председателем правления Талгатом Алдыбергеновым посетила производственные площадки компании Wabtec — одного из мировых лидеров в локомотивостроении — в городе Гров-Сити, штат Пенсильвания.
➡️Завод в Гров-Сити специализируется на производстве и капитальном ремонте дизельных двигателей для локомотивов и тяжёлой техники. Делегация КТЖ ознакомилась с современными технологиями, включая использование альтернативных видов топлива, процессы модернизации силовых агрегатов, а также системы цифрового мониторинга и контроля качества.
➡️Особое внимание было уделено вопросам энергоэффективности, снижению выбросов и внедрению инновационных решений — ключевым направлениям в развитии подвижного состава КТЖ.
✔️По итогам встречи компания Wabtec подтвердила планы запустить в 2026 году производство новых дизельных двигателей на заводе «Астана Дизель Сервис» — первое производство двигателей за пределами США. Для Казахстана это станет важным шагом в развитии локализации и повышении технологической независимости отрасли.
⏺Стороны также обсудили углубление сотрудничества в сфере трансфера технологий, подготовки кадров и технического сопровождения локомотивного парка. Визит стал значимым этапом в укреплении партнёрства и подтвердил курс КТЖ на внедрение международных практик в развитие транспортной инфраструктуры страны.
Post #11250
1.21K



- 👍 16
- ❤ 4
- 👏 2