TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.87K subscribers
Post #15015 706
👍Теміржолшылар оқушылар үшін профилактика айлығын өткізуде

Оқу жылының басталуымен Қазақстанның барлық өңірлерінде теміржол көлігі объектілерінде балалар жарақаттануының алдын алу бойынша оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Іс-шаралар ҚТЖ-ның «Қауіпсіз темір жолы» республикалық акциясы және «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Теміржолшылар көлік полициясы қызметкерлерімен бірлесіп қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, тақырыптық бейнероликтерді көрсетуде және нақты жағдайларды талдауда.

Астанада темір жолдардың жанында орналасқан алты мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға 435 оқушы қатысты. Жыл басынан бері елордалық теміржолшылар 915 баланы қамтыған 13 оқу орнына барды.

Оқушылардың байланыс желісіне жақындауы қаупіне ерекше назар аударылды. Электр тогының соғуы үшін сымға қол тигізудің қажеті жоқ. Сондықтан вагондардың төбесінде болуға қатаң тыйым салынады.

Профилактика шаралары өңірлерде де өтуде. «ӘТЖК» ЖШС Түркістан филиалының Сексеуіл, Қазалы, Қызылорда және Шиелі станцияларындағы атқыштар командаларының қызметкерлері Ақмаржан мөлтек ауданындағы №282 және Белкөл кентінің №189 мектептерінде «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» дәрістерін өткізді. Оқушыларға темір жолда болу қаупі туралы айтылды.

Орал қаласында теміржолшылар көлік полициясы бөлімімен бірлесіп №45 мектепте кездесу өткізді. Оған 8-9 сыныптардың 100 астам оқушысы қатысты. Оқушыларға қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Соңында балаларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Алматыда Алматы жол дистанциясының қызметкерлері мен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Түрксіб ауданының №49 мектебінде кездесу өткізді. Іс-шараға 7-11 сыныптардың 150 астам оқушысы қатысты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері оқушыларға синтетикалық есірткінің қауіптілігі және олардың айналымы үшін жауапкершілік туралы айтып берді.

Профилактикалық іс-шаралар бүкіл елде жалғасуда. Теміржолшылар мен полиция қызметкерлері теміржол көлігі объектілеріндегі балалардың қауіпті жүріс-тұрысының алдын алу үшін мектептерде кездесулер, рейдтер және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
  • 👍 9
More from @railways_kz
  1. Oct 16, 2026🔹ҚТЖ-да гендерлік теңдік және харасменттің алдын алу мәселелерін талқылады Тренинг компан…
  2. Oct 16, 2026📣АНОНС ДЛЯ СМИ 📅 20 октября 2026 года | 17:00 📍 Место: вокзал «Нұрлы жол», 4-й этаж. 💻…
  3. Oct 16, 2026📣 БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҢДАТПА 📅 20 қазан 2026 жыл | 17:00 📍 «Нұрлы жол» теміржол во…
  4. Oct 16, 2026✅Қазақстанның Көлік апталығы аясында Астанада «NEW SILK WAY» VIII Халықаралық бизнес-форум…
  5. Oct 16, 2026✔️ҮЗДІК ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫ: үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда 🔹2025 жылдың қорытындысы бойынш…
  6. Oct 16, 2026🤝ҚТЖ және ГТЖ басшылары транзитті талқылады Астанада өткен New Silk Way халықаралық форум…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →