TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 968 subscribers
Post #267 1.93K
📋Инвестициялаудың негізгі қағидалары

💸 Қор нарығына инвестиция салу - кіріс табу мақсатында ақшаңызды түрлі активке жұмсау. Оларға акциялар, облигациялар, бағалы металдар, инвестициялық қорлар мен ETF жатады.

1. Инвестицияны әртараптандыру

🪺 Әртараптандыру - ақшаны әртүрлі активке, салаға және өңірге бөлу. Мысалы, барлық қаражатты тек микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) облигацияларына салсаңыз, бір ұйым қарызын төлей алмаған жағдайда портфеліңіз айтарлықтай шығынға ұшырауы мүмкін. Мұндай оқиға нарықтағы басқа МҚҰ облигацияларының бағасына да әсер етуі ықтимал.

Ақшаны әртүрлі активке бөлу бір ғана компанияға немесе салаға тәуелділікті азайтады. Бірақ барлық актив бір мезгілде арзандауы мүмкін екенін де ұмытпаңыз.

2. Тәуекел мен ықтимал табысты салыстыру

⚠️ Жоғары табыс мүмкіндігі әдетте жоғары тәуекелмен қатар жүреді. Демек, көбірек табыс табу мүмкіндігі болса, елеулі шығынға ұшырау ықтималдығы да бар.

Актив таңдағанда қанша тәуекелге дайын екеніңізді ескеріңіз. Кей инвестор үшін қаражаттың сақталуы мен табыстың болжамды болуы маңызды. Басқалары жоғары табыс мүмкіндігі үшін бағаның қатты құбылуына дайын болуы мүмкін.

3. Инвестициялық жоспар құру

📝 Алдымен мақсатыңызды анықтаңыз: ақша не үшін және қашан қажет болады? Осыған қарай қандай активті таңдайтыныңызды және оған қанша қаражат бөлетініңізді шешуге болады.

"Қар кесегі" әсері қалай жұмыс істейді?

⚪ Инвестициядан түскен табысты жұмсамай, қайта салсаңыз, келесі жолы бастапқы ақшаңызға да, бұрынғы табысыңызға да табыс есептеледі.

💬Мысалы, сіз $1 000 инвестиция салдыңыз делік. Егер ол жыл сайын 10% табыс әкеліп, түскен табыстың бәрін қайта инвестицияласаңыз, 10 жылдан кейін сома шамамен $2 594 болады. Оның $1 594-ы - бастапқы салымнан артық жиналған ақша.

💡 Бұл тек есепті түсіндіретін мысал. Нақты инвестиция жыл сайын бірдей табыс әкелмейді: оның құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін.

📚 Қысқасы, инвестицияны әртараптандыру, тәуекелді түсіну және нақты жоспар құру маңызды. Шешім қабылдар алдында таңдаған активіңіз туралы ақпаратты зерттеп отырыңыз.
  • ❤ 2
  • 🔥 2
  • 👍 1
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 21, 2026💵 Қазақстанда долларлық депозиттер тиімдірек болады Жақында қазақстандықтар долларлық жин…
  2. Sep 21, 2026📊 Инвесторлар 2025 жылы Қазақстан компанияларының дивидендтерінен нақты қанша табыс тапты…
  3. Sep 21, 2026🏢📈 BCC Invest "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуды ұсынады: мақсатты баға - Т38 059…
  4. Sep 21, 2026📈📉🇰🇿 18 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 21, 2026photo post
  6. Sep 18, 2026❗Байбэк деген не және компаниялар өз акцияларын не үшін сатып алады? Байбэк - компанияның…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →