TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 968 subscribers
Post #266 2.12K
🇺🇸 АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме үш жылда алғаш рет өсті. Бұл нені білдіреді?

16 қыркүйекте АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) мөлшерлеменің мақсатты аралығын 3,75–4% деңгейіне көтерді.

Бұл қандай мөлшерлеме? Ол АҚШ банктері бір-біріне қысқа мерзімге ақша қарызға бергенде қолданылатын пайызға бағдар болады.

Мөлшерлеме көтерілсе, АҚШ-та несие мен ипотека қымбаттауы, ал депозиттердің пайызы өсуі мүмкін. Адамдар қарызға азырақ ақша алып, көбірек жинақтайды. Компаниялар да шығындарын қысқартып, жаңа қызметкерлерді жалдауды немесе инвестициялық жобаларды кейінге қалдыруы мүмкін.

ФРЖ оны неге көтерді?
АҚШ-та инфляция әлі жоғары. Осылайша ФРЖ шығындарды және бағаның өсуін баяулатуды көздейді.

🇰🇿 Ал Қазақстанда жағдай қандай? Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сәуірдегі 18%-дан 16,25%-ға дейін төмендетті. Себебі бізде инфляцияның қарқыны бәсеңдеді: тамызда жылдық инфляция 9,8% болды. Бұл баға төмендеді деген сөз емес - баға әлі өсіп жатыр, бірақ бұрынғыдан баяуырақ. Ұлттық банк мөлшерлемені әрі қарай төмендету мүмкіндігі шектеулі екенін де ескертті.

ФРЖ шешімі бізге әсер ете ме? Жанама түрде әсер етуі мүмкін. АҚШ-тағы мөлшерлеме әлемдік қаржы нарығына ықпал етеді, ал нарықтағы өзгерістер теңге бағамына және шетелдік инвестициялардың бағасына әсер етуі ықтимал.

Қазақстанның базалық мөлшерлемесін Ұлттық банк белгілейді.
  • ❤ 2
  • 👍 2
  • 🔥 1
  • 🤔 1
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 21, 2026💵 Қазақстанда долларлық депозиттер тиімдірек болады Жақында қазақстандықтар долларлық жин…
  2. Sep 21, 2026📊 Инвесторлар 2025 жылы Қазақстан компанияларының дивидендтерінен нақты қанша табыс тапты…
  3. Sep 21, 2026🏢📈 BCC Invest "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуды ұсынады: мақсатты баға - Т38 059…
  4. Sep 21, 2026📈📉🇰🇿 18 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 21, 2026photo post
  6. Sep 18, 2026❗Байбэк деген не және компаниялар өз акцияларын не үшін сатып алады? Байбэк - компанияның…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →