📊Биржалық индекс дегеніміз не?
Әлемдік қор биржаларында ондаған мың компанияның бағалы қағаздары саудаланады. Олардың барлығының бағасын күн сайын бақылау мүмкін емес. Сондықтан нарықтағы жалпы жағдайды бағалау үшін биржалық индекстер қолданылады.
🛒 Биржалық индексті ортақ белгі бойынша топтастырылған бағалы қағаздар "себеті" деп елестетуге болады.
Индекс жекелеген компаниялардың емес, нарықтың немесе оның белгілі бір сегментінің жалпы бағытын көрсетеді.
Индекс өссе, оның құрамындағы акциялардың басым бөлігі немесе салмағы жоғары компаниялардыңакциялары қымбаттап жатыр деген сөз.
🌍 Әлемдегі ең танымал қор индекстері:
🔸S&P 500 - АҚШ-тың 500 жетекші ірі компаниясының акцияларын қамтитын индекс. Ол америкалық қор нарығының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналады.
🔸 DowJones Industrial Average - АҚШ-тың 30 ірі компаниясы акцияларының бағасы орта есеппен қалай өзгеріп жатқанын көрсететін индекс.
🔸Nasdaq-100 - Nasdaq биржасында акциялары саудаланатын 100 ірі қаржылық емес компанияның индексі. Оның құрамында технологиялық компаниялардың үлесі жоғары, бірақ индекс тектехнология секторымен шектелмейді.
🇰🇿 Қазақстан қор нарығының негізгі индикаторы - KASE индексі.
KASE индексі ресми тізіміндегі ең өтімді акциялар бағасының өзгеруін көрсетеді.
📋KASE индексіне 10 компания кіреді.
Тикер - биржада компанияның акциясын белгілеу үшін қолданылатын қысқартылған код. Мысалы, Халык банк акциясының тикері - HSBK.
Компаниялардың KASE индексіндегі салмағы:
🔸 Kaspi.kz (KSPI) -13,81%;
🔸 ҚазМұнайГаз (KMGZ) - 13,31%;
🔸 Банк ЦентрКредит (CCBN) - 12,98%;
🔸 Kcell (KCEL) - 12,84%;
🔸 Халық Банкі (HSBK) - 12,68%;
🔸 Қазатомөнеркәсіп (KZAP) - 12,32%;
🔸 Air Astana (AIRA)- 10,59%;
🔸 KEGOC (KEGC) - 4,71%;
🔸 ҚазТрансОйл (KZTO) - 3,53%;
🔸 Қазақтелеком (KZTK) - 3,23%.
📈Мысалы, KASE индексі бір күнде 1%-ға өссе, индекске кіретін акцияларжалпы алғанда қымбаттады деген сөз. Бірақ әр акцияның бағасы 1%-ғаөсті дегенді білдірмейді: біреуі қымбаттап, екіншісі арзандауы мүмкін.
📌 2026 жылғы 15 қыркүйектің қорытындысы бойынша KASE индексі 7 888,46 тармақты, ал оның өкілдік тізімінекіретін компаниялардың жалпы нарықтық капиталдандыруы шамамен Т45,7 трлн құрады.
Post #262
107
- 👍 3
- ❤ 2
- 👏 1