TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 916 subscribers
Post #258 106
💰 Қазақстандықтарды криптовалютадан түскен табысқа салынатын салықтан уақытша босату ұсынылды

Ұлттық банк Қазақстандағы цифрлық активтер саласын дамыту жоспарын ұсынды.

Негізгі ұсыныстар:

▪️ 2026-2028 жылдары жеке тұлғалардың цифрлық активтермен операциялардан түсетін табысын жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделіп отыр. Жеңілдік тек Қазақстанда лицензия алған провайдерлер арқылы жасалған операцияларға қолданылады.

▪️ Қазақстанда шығарылған стейблкоиндарды тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, халықаралық сауда және трансшекаралық аударымдар үшін пайдалануға рұқсат беру жоспарлануда.

▪️ Нарықта цифрлық активтерді шығару, сату, айырбастау және сақтау, сондай-ақ есеп айырысуды жүзеге асыру қызметтерін ұсынатын толық циклді провайдерлер пайда болады. Бұл жүйеге банктер, брокерлер және басқа да қаржы ұйымдары қосылады.

▪️ Жалпы энергия жүйесіне түсетін жүктемені арттырмау үшін майнингке автономды және жаңартылатын энергия көздерінің бос қуаттарын пайдалану ұсынылады.

▪️ Ұлттық банк жанынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитеті құрылады. Ол осы саланы реттеуге, лицензиялауға және қадағалауға жауап береді.
  • ❤ 3
  • 👍 1
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 22, 2026📈📉🇰🇿 21 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  2. Sep 22, 2026photo post
  3. Sep 21, 2026💵 Қазақстанда долларлық депозиттер тиімдірек болады Жақында қазақстандықтар долларлық жин…
  4. Sep 21, 2026📊 Инвесторлар 2025 жылы Қазақстан компанияларының дивидендтерінен нақты қанша табыс тапты…
  5. Sep 21, 2026🏢📈 BCC Invest "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуды ұсынады: мақсатты баға - Т38 059…
  6. Sep 21, 2026📈📉🇰🇿 18 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →