💬 Халықаралық Moody’s агенттігі Halyk Bank-тің (HSBK) депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін "Baa1" деңгейінде растады. Болжам - "Тұрақты".
✅ "Baa1" - инвестициялық санаттағы жоғары рейтинг. Бұл Moody’s банктің өз қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін жеткілікті сенімді деп бағалайтынын білдіреді.
📈 Halyk рейтингін қолдайтын негізгі факторлар:
🔹 Банктің капитал қоры жоғары деңгейде - 18,5%.
🔹 Өтімді активтер барлық активтердің 27%-ын құрайды. Бұл - қажет болған жағдайда банк өз міндеттемелерін орындау үшін жылдам пайдалана алатын қаражат.
🔹 Активтердің рентабельділігі 4%-дан жоғары. Moody’s алдағы 12-18 айда банктің жоғары табыстылығы сақталады деп күтеді.
🔹 Halyk Қазақстандағы ең ірі банк болып қала береді. 2026 жылғы 1 шілдеде оның үлесіне банк секторы активтерінің 28,6%-ы тиесілі болды.
Проблемалық қарыздар үлесінің кредиттік портфельдің 8,6%-ына дейін өсуі. Moody’s алдағы 12-18 айда бұл көрсеткіш 8–9% деңгейінде тұрақталады деп күтеді.
🔎 "Тұрақты" болжам Moody’s әзірге банк рейтингінің өзгеруін күтпейтінін білдіреді.
Post #257
100
- 🔥 2
- ❤ 1
- 👍 1
- 👏 1