TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 985 subscribers
Post #255 109
🏦Halyk Bank криптовалютамен QR-код арқылы төлем жасау жүйесіне қосылады

Алдағы интеграция туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді.

Halyk Bank-тің жүйеге нақты қашан қосылатыны әзірге айтылған жоқ.

Қазір сервис Binance Kazakhstan және Alatau City Bank платформаларының негізінде жұмыс істейді. Ол ел бойынша 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Вице-министрдің мәліметінше, жүйе арқылы 100-ден астам транзакция жүргізілген.

🔎Төлем жасау тәртібі әдеттегідей: сатып алушы QR-кодты сканерлеп, тауар ақысын криптоәмиянындағы қаражатпен төлейді. Осы сәтте цифрлық актив автоматты түрде айырбасталып, сатушының банк шотына теңге түседі.

Halyk Bank-тің қосылуы мұндай төлемдерді кең аудиторияға қолжетімді етуі мүмкін. Алайда сервис қандай криптовалюталарды қолдайтыны, комиссия мөлшері және бұл мүмкіндік банктің барлық клиентіне ұсыныла ма - әзірге белгісіз.
  • ❤ 3
  • 🔥 1
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 21, 2026💵 Қазақстанда долларлық депозиттер тиімдірек болады Жақында қазақстандықтар долларлық жин…
  2. Sep 21, 2026📊 Инвесторлар 2025 жылы Қазақстан компанияларының дивидендтерінен нақты қанша табыс тапты…
  3. Sep 21, 2026🏢📈 BCC Invest "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуды ұсынады: мақсатты баға - Т38 059…
  4. Sep 21, 2026📈📉🇰🇿 18 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 21, 2026photo post
  6. Sep 18, 2026❗Байбэк деген не және компаниялар өз акцияларын не үшін сатып алады? Байбэк - компанияның…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →