TGViewer
ТРК Президента ТРК Президента @ptrkkz · 27.5K subscribers
Post #13265 351
🇰🇿🇩🇪 Президентіміздің Германияға ресми сапары аталған елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуден басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлік кездесуде айтқан негізгі ойларын ұсынамыз

▫️Халқымыз Германияға айрықша құрметпен қарайтынын, абырой-беделі жоғары мемлекет деп білетінін атап айтқым келеді. Банк секторындағы темірдей тәртіпке, инженерлік шешімдердің жоғары сапасына, шағын және орта бизнестің орнықтылығына (Mittelstand) тәнтіміз

▫️ГФР – Еуропадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еліміздің ең ірі сауда-инвестициялық серіктесі – Еуропалық одақпен ықпалдастықта қазақ-герман ынтымақтастығының маңызы зор

▫️Қазақстан даму банкі ұзақ жылдар бойы неміс қаржы институттарының қолдауымен өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы салаларында маңызды жобаларды іске асырып келеді. Бұл мақсатқа Deutsche Bank, Helaba, LBBW, Commerzbank, KfW және басқа да ұйымдардан 1,2 миллиард доллар қаржы тартылды

▫️Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз

▫️Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, «бұлтты инфрақұрылым» және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз

@ptrkkz
More from @ptrkkz
  1. Sep 29, 2026✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фридрих Мерц БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады ▫️Келесі…
  2. Sep 29, 2026🤝 Президент пен Канцлердің келіссөзі екі ел делегациясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілге…
  3. Sep 29, 2026Біздің Президент Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді ▫️Тараптар Қазақстан мен Герман…
  4. Sep 29, 2026Post #13297
  5. Sep 29, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысқан Қазақстан-Германия бизнес фор…
  6. Sep 29, 2026🎖️Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →