Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысқан Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі
🔹Бүгінде аса маңызды материалдар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, озық технология бағыттары күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптар саналады. Қазақстан мен Германия дәл осы салаларда күш-жігер жұмылдырып, елеулі нәтижеге қол жеткізе алады
🔹Жекелеген табысты жобалармен шектелмей, өнеркәсіп саласындағы жүйелі серіктестікке көшкеніміз жөн. Еліміз осы мақсатта Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуға әзір
🔹Мақсатымыз айқын: Қазақстанда жаңа салалардың пайда болуына септігін тигізетін, коммерциялық тұрғыдан өміршең жобаларды іріктеп алу, неміс технологиясы мен білімін меңгеру, өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару
🔹Германияға сенімді және бір бағытқа тәуелді болмайтын шикізат жеткізу жолдары қажет. Ал Қазақстан қосылған құны жоғары өнім тізбегін қалыптастыру үшін инвестиция мен озық технологияға мүдделі
🔹2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің алыс-берісі 23 пайызға ұлғайған, ал Қазақстаннан Германияға экспортталатын аграрлық өнімдер 38 пайызға артқан. Ендігі қадам – қосылған құны жоғары өнім шығарудың бүкіл тізбегі енетін ортақ жобаларды іске асыру
🔹Неміс компанияларын деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, қазақстандық серіктестермен бірге тау-кен, энергетика және логистика салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге шақырамын
🔹Қазақстан-Германия өндірістік құзыреттер орталығының желісін құруды ұсынамыз
@ptrkkz
Post #13296
148
