TGViewer
Посольство Казахстана в России Посольство Казахстана в России @prkvrf · 3.78K subscribers
Post #5360 530

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

🇷🇺Владимир Путин екіжақты қарым-қатынас барлық бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын жоғары бағалады

– Былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымының көрсеткіштері ойдағыдай болды. Биыл да өсім байқалады. Көптеген мәселе бойынша бірге жұмыс істеп келеміз. Күн тәртібінде ірі жобалар да, ағымдағы мәселелер де бар. Үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс істеуде. Өзара уағдаластықтарды бұлжытпай орындағаны үшін оларға алғыс айтуымыз керек. Әсіресе, гуманитарлық саладағы байланыстарымыздың жандана түскені қуантады. Қазақстандық 60 мың студент Ресей жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Жуырда ғана Омбы қаласында Қазақстанның маңдайалды оқу орнының филиалы ашылды. Яғни барлық мәселе бойынша өзара түсіністік орнаған. Бүгін осы тақырыпты егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік туып отыр, – деді Ресей Президенті.


✔️Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өзара мүддеге сай келетін салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.

✔️Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
More from @prkvrf
  1. Oct 2, 2026📞 Горячие линии по вопросам граждан РК, оказавшихся в зоне боевых действий Департамент ко…
  2. Oct 2, 2026📞 Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер ҚР Сы…
  3. Oct 2, 2026📌 В средствах массовой информации распространяются обращения граждан Республики Казахстан…
  4. Oct 2, 2026📌 Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәр…
  5. Sep 29, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті 🔗 https://www.gov.kz/memleket/…
  6. Sep 28, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Біріккен мәдениеттер форумында сөз сөйледі 🔗 https://www.gov.kz/me…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →